Тілдік нұсқа
Радио

Фото

АБАЙДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
22 ақпан, 2022 жыл 282 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы Абай ауданындағы бірнеше колледж студенттерімен  кездесу өткізді.

Келелі кездесу барысында  «Ихсан ілімі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, отаншылдық, шыншылдық, еңбекқорлық, діннің қоғамға деген әсері жайында айтты. Сондай-ақ, діни экстремизім тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш жиынға 20-дан астам оқушы қатысты. Олар дін қызметкеріне түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Айта кетейік, осы сынды кездесулер алдағы уақытта жалғасын табады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары