Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Мешіт жамағаты жаңа қызметке ауысқан имамды құрметпен шығарып салды (ФОТО)
11 ақпан, 2022 жыл 932 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнат баба» мешітінің наиб имамы Абилов Марғұлан Балтабайұлын облысқа қарасты Жәйрем кенті мешітіне қызметке ауысуына орай мешіт жамағаты бүгін арнайы ризашылықтарын білдіріп, ақ тілек-баталарымен шығарып салды. Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының наиб имамы Дархан Асылтайұлы «Әнет баба» мешітінде алты жыл абыройлы қызмет атқарған наиб имамға алғыс хат табыстап, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты. "Алты Алаштың баласы бас қосса, төр ұстаздікі",-деп қазақта бекер айтылмаса керек. Біраз жылдар бойы  ұстазынан тәлім алып, сауат ашқан шәкірттер  ыстық ықыласты тілектерін айтып, ат мінгізіп, ілтипаттарын білдірді.

Ақ батасын арнай келген мешіттің ақсақалдар қауымы беріп, жаңа қызметке ауысқалы жатқан  Марғұлан  имамға жамағаттың алғыс лебізін жеткізіп, атқарған жұмыстарына дән ризашылықтарын білдірді.

Сонымен бірге, жаңа қызметіне сәттілік тілеп, батасын берді.

Айта кетейік, Абилов Марғұлан Балтабайұлы бұған дейін,  2015-2017 – жылдары Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде найб имам қызметін атқарған болатын. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің найб имамы қызметін атқарды.

Асыл дініміздің өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан имам осы уақытқа дейін елуден астам шәкірт тәрбиелеген.

 

Білімі:

• 2007-2010 Көпсалалы гуманитарлы – техникалық университетінің колледжі;

• 2012-2015  Астана медресесі;

• 2015-2017 «Ш.Уалиханов» атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі.

•2020-2022 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін тамамдамақ.

 

 

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары