Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртауда 30 отбасыға көмек көрсетілді
24 қаңтар, 2022 жыл 284 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің бастамасымен, «Sauap» орталығы еріктілерінің қолдауымен «Күшіміз бірлекте» атты қайырымдылық акциясы өтті.
 
Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы қатысқан ізгі шара барысында жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяның тұрмысына қажетті азық-түлік себеттері дайындалды.
 
Өмірзақ қажы Қазкенұлының қайырымдылық жасаудың маңыздылығы мен сауабы туралы насихатынан кейін, дін қызметкерлері және еріктілер қайырымдылық көмекті мұқтаж жандардың үйлеріне дейін жеткізіп, қолма-қол табыстады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары