Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ: 2021-ЖЫЛЫ 1 785 ЖЕТКІНШЕК ДІНИ САУАТ АШТЫ
20 қаңтар, 2022 жыл 281 Басып шығару нұсқасы

Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында Ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену.  Осы орайда, 2021-жылы Қарағанды облысы бойынша 1 785 жеткіншек ілім алып, діни сауат ашты.

Жас жеткіншектерге асыл дініміздің ілімімен сусындатқан Қарағанды облысының ұстаздары балаларға Құран Кәрімнің әріптерінен бастап, қысқа сүрелерді жаттып, дұға жасау, ғибратты әңгімелер мен тәрбие сағаты бағытындағы пәндерден дәріс жүргізді.  Сондай-ақ, жас жеткіншектерге мешіт имамдары тәрбие танымдық уағыз-насихатын айтып, білім алу жолында сәттілік тілеп, ыстық лебізі мен батасын берді. Айта кетейік, арнайы уақыт аралығында жүргізілген дәрістерден сауат ашқан шәкірттерге сертификаттар табыталды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары