Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» - 13 ОТБАСЫНА ПӘТЕР БЕРІЛДІ
19 қаңтар, 2022 жыл 451 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зеке және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі  «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 2021 жылы 13 отбасыға баспана сыйлады.

Сондай-ақ,  «Тайқазан», «Берекелі Рамазан сыйы» жобасы мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен қайырымдылық көмек жасау барысында 1, 970 отбасы қамтылды. «Қолдан қолға» қаржылай қайырымдылық жобасы аясында 258  отбасыға көмек көрсетілді. 

 «Үміт сыйла сәбиге» жобасы аясында  148 отбасы,  «Жетім көрсең жебей жүр» жобасы аясында  132 отбасы, киім-кешек арқылы көмек көрсету барысында 856 адам, «Қайырымды жұма» акциясы аясында 563 отбасына, «Жылу сыйла» жобасы арқылы  50 отбасы, «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында 320 отбасы, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 1 350 отбасы қамтылды. Сонымен қатар, «ҚМДБ ГРАНТЫ», Нұр-Мүбарак университеті шәкірттерінің оқу ақысына көмек барысында 1820 адамға қолдау көрсетілді.  Мешіттер мен медреселерді қосқанда 14 мекемеге көмек көрсетілді. Рамазан айындағы іс-шараларға келер болсақ, «Раббың үшін құрбан шал» жобасы бойынша 953 отбасы, «Ауызашар себеті» жобасы бойынша 9 943 адам, «Көшпелі қайырымдылық керуені», «Рамазан керуені» жобасы арқылы 350 отбасы қамтылды.

Зекетті насихаттау жұмыстары барысында 1, 592 адамға арнайы насихат жұмыстары жүргізілді. «Алтын құрсақты батыр аналар» жобасы аясында  385 отбасына жәрдем берілді.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары