Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДІНИ АХУАЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ(ФОТО)
08 желтоқсан, 2021 жыл 310 Басып шығару нұсқасы

Мәжіліске ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы,  Қарағанды облыстық конфессияаралық келісім ұйымының басшысы Төлегенов Дулат Рашидұлы, Қарағанды облыстық қылмыстық -атқару жүйесі департаментінің бөлім басшысы Есенбеков Бекзат мырза және облыс наиб имамдары мен қала, аудан имамдары қатысты.

Жиын барысында облысқа қарасты  аймақ  мешіттерінің діни ахуалы, әлеуметтік қолдау көрсету, жат діни ағымдармен жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері мен өңірдегі діни тұрақтылық ахуалы талқыланды.

Жиында ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігінің атқарып отырған жұмыстары түрлі форматта,  дәстүрлі түрде тоқсан сайын өткізілетіні атап өтілді.

Жиын соңында облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы аймақтың діни ахуалын өркендетіп, өзара бірлесіп қызмет атқарып келе жатқан басқарма басшыларына, яғни, Қарағанды облыстық Дін істері басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлына, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі Ғ.Ә.Тәкешев мырзаға және Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Е.Б.Құсайынов мырзаға Өзінің алғысы мен ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хатын табыстады. Келер 2022-жылы аталмыш облыстың басқарма басшылығымен  бірлесе тың жобалар мен жоспарлар талқыланып, мақсаттар жүзеге асырылмақ.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары