Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ТЕМІРТАУДА ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
27 қыркүйек, 2021 жыл 653 Басып шығару нұсқасы

«Құран – мәңгі мұғжиза» облыстық Құран жарысы өтті
 
Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен қыздар арасында өткен «Құран – мәңгі мұғжиза» атты облыстық жарыс өз мәресіне жетті.
 
Қарағанды өңірінің түкпір-түкпірінен келген 20 үміткер қатысқан бұл сайысқа Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Дархан Асылтайұлы, Марғұлан Балтабайұлы және Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы сияқты білікті дін қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы төрелік етті.
 
Жарыс ережелеріне сай қасиетті Құранның «Әғлә» сүресінен бастап кейінгі сүрелерді, яғни жарты параны жатқа білу, қазылар тарапынан берілген аятты жалғастыру және сұрақтарға жауап беру керек болатын.
 
Осы шарттардан сүрінбей өткен келесі қатысушылар үздік деп танылды:
 
1 орын – Мирзакадирова Рәбиа;
2 орын – Баттал Әмина;
3 орын – Асылтай Ханифа.
 
Жүлделі орын иегерлеріне сәйкесінше 50 000, 30 000, 20  000 мың теңгеден табыс етіліп, алғыс хаттар берілді.
 
Жарыс соңында әйел-қыздар жамағаты осы іс-шараны ұйымдастырған Теміртаулық имамдарға рахметін айтып, алғыстарын білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары