Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды имамдары Құрбан айтқа дайындығын пысықтады
19 шілде, 2021 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітінде Құрбан айтқа орай қала, аудан  имамдарының қатысуымен жиналыс өтті.

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы дін қызметкерлеріне биылғы Құрбан айт мейрамының өту форматын кеңінен түсіндірді. Діни басқарманың шешімімен құрбандық шалу рәсімдерінің онлайн өткізілуіне байланысты жергілікті қасапханалар және мал соятын орындармен келіссөздер жүргізіліп, жергілікті әкімшіліктер тарапынан қолдау болатынын айтты. Жиынға Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Дулат Халел Қанышұлы қатысты.

Сондай-ақ, жауапкершілігі мол үлкен іс-шараға еріктілер мен мешіт жамағатын жұмылдырып, аталмыш қасиетті күндерде барынша ыждағатпен қызмет атқаруға шақырды.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласы бойынша құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексеріп, санитарлық талаптардың орындалуын алдын-ала қадағалады

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары