Тілдік нұсқа
Радио

Фото

МЕШІТКЕ 2500 ҚҰРАН ҚОЯТЫН ТАҚТАЙША «ЛАУХ» СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
19 шілде, 2021 жыл 615 Басып шығару нұсқасы

Биылғы қасиетті Құрбан  Айттың құрметіне орай  саяси және қоғамдық қайраткер, меценат  Ерлан Зайроллаұлы Қарағанды облысының барлық  мешіттеріне сыйлық жасады. Атап айтқанда Алла үйіне келген Құран оқушыларға арналған  2500 арнайы Құран қоятын тақтайшаны сыйға тартты. Сондай-ақ, Алла үйінің негізгі бөлшегі саналатын күмбездің айшықтарының жаңаруына себепші болды. Бұған дейін де,   белгілі меценант Ерлан Зайроллаұлы демеушілігімен облыста көптеген игі істер жүзеге асқан болатын. Арнайы Туркия мемлекетінен жайнамаз алынып,   қаладағы  бірнеше мешітке төселген болатын.

Құран Кәрімде Алла Тағала «Жақсы көрген дүниелеріңнен (яғни, бір бөлігін болса да) Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке қол жеткізе алмайсыңдар»(«Әли Имран» сүресі, 92-аят), деген.  Осындай көптеген игі һәм қайырымды істерге мұрындық болған Ерлан Зайроллаұлына Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы барша дін қызметкерлері мен жамағатының атынан үлкен алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, облыс бас имамы аймаққа қарасты қала, аудан мешіттеріне арнайы Құран оқуға арналған төсеніштерді теңдей үлестіріп, дін қызметкерлерінің алдағы абыройлы қызметіне жеміс тіледі.

Алла елшісі де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар», деген.

Ендеше, осындай жомарт жандарымыз қатары көбейіп, жақсылықтар мен жағымды жаңалықтар ел-жұртымыздан үзілмесін.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары