Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ШАХАН КЕНТІ МЕШІТІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
17 шілде, 2021 жыл 393 Басып шығару нұсқасы

 ҚМДБ-ның отыз жылдығына орай «30 игі шара» аясында Қарағанды облысына қарасты Шахан кенті мешітіне бірнеше жөндеу жұмыстарын жүргізілуде. Атап айтқанда, мешіттің сырты қапталып, ғимараттың басты бөлшегі саналатын күмбезі жаңартылды.  Игі шараның басы – қасында жүрген мешіт имамы  Амирханов Сырымхан Мейрамбекұлы берекелі шараға ат салысты жатқан мешіт жамағаты мен жомарт жандарға үлкен алғысы айтып, ризашлығын білдіре келе, игі іс алда келе жаткан Ұлық мереке Құрбан Айт мейрамына орай сақадай сай болатынын алға тартты. 
Осындай екі дүние бақытына жол көрсететін ғибадат үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». 
Жалпы, мешіт салудың сауабы қаншалықты үлкен екені жайында Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады», – дейді (Тәубә сүресі, 18-аят). 
ihsan.kz

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары