Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ӘНЕТ БАБА МЕШІТІ: «ЗИРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ ЕТУ МӘДЕНИЕТІ»АТТЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
13 маусым, 2021 жыл 222 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті, «Жастар ісі» секторы және «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан   мазарлар мен  зират орындарын аялап, күтіп-баптау  бойынша  «Зират және зиярат ету мәдениеті» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлы, дін қызметкерлері, мешіт ақсақалдары мен жамағаты қатысты.

Және шараға қатысқан жамағатқа  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің бастамасымен құрылған «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының талаптары мен ережелеріне сай зиярат ету, жерлеу тәртіптері түсіндірілді.   Жалпы ата-баба рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.

Айта кетсек, тазалық шарасына бірнеше техникалар жұмылдырылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары