Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІ ТАСАТТЫҚ САДАҚАСЫН БЕРДІ
13 маусым, 2021 жыл 532 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағала Құран Кәрімде «Қаһф» сүресінде желді «Рахмат» дейді. Сол рахмат көктегі бұлтты бір біріне соғып, әрі-бері қозғаумен жер бетіне нәр құяды. Яғни, Алла өз мейірімімен жерге жауын етіп, қайта жібереді. Жаңбыр қатқан топырақты жібітіп, қураған даланы көгалдандырады. Кез келген жаратылысқа серпіліс береді.                                                           ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті елімізде орын алып жатқан құрғақшылықтан Алла Тағалаға дұға етіп, жаңбыр сұрап, «Тасаттық» садақасын берді. Құрбандыққа үш қой сойылып, еті көмекке мұқтаж отбасылаға теңдей үлесірілді. Рухани шара барысында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Алла Тағаладан жаңбыр сұрап, жамағатпен арнайы намаз оқылды, дұға жасады. Құран оқылып, бата берілді.                         Заманында Омар Хайям:
«Бір Алла рақымымен нұрын шашар,
Адамдар су болам деп одан қашар.
Ол рақымның бір тамшысы тисе екен деп,
Дарияда балықтар аузын ашар», – деген екен. Дұға жасалып, Алладан жаңбыр сұрау ниетімен жүзеге асатын «Тасаттық» қазақтың өмірінде ежелден үрдіске айналған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі екі ракағаттық намаз оқып, жаңбыр жауу үшін дұға жасайтын болған.

Алладан берекет сұрау мақсатында іске асқан шараға мешіт ақсақалдары мен жамағаты, аймақ тұрғындары мен дін қызметкерлеі толық қатысты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары