Тілдік нұсқа
Радио

Фото

АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІ: «ЗИЯТКЕР ИМАМ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
07 маусым, 2021 жыл 422 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай аудандық мешітінің имамы Рысбай Асыл Көкешұлы ауданға қарасты мешіттердің имамдарына «Зияткер имам» тұжырымдамасын түсіндіріп, дін қызметкерлеріне Рамазан айында атқарған еңбектеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Сондай-ақ, жылдық жаңа жоспар құрылды.
Тұжырымдаманың маңыздылығы:
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республика бойынша мешіттерде қызмет ететін имамдар арасынан білімі мен біліктілігіне, іскерлігі мен жауапкершілігіне сәйкес жоғары санатқа іріктеу үшін дін қызметкерлеріне қойылатын бірқатар талаптар мен ережелер қамтыған «Зияткер имам» құжатын әзірледі. «Зияткер имам» тұжырымдамасы заман талабына сай зияткер имам деген мәртебеге лайықты дін қызметіндегі мамандарды іріктеу мен оларға мәртебе беруді көздейді. Сонымен қатар мешіттерде қызмет жасайтын имам-ұстаздардың жасампаз, діни мәселелерді үйлестіруді шебер меңгерген білімді, білікті, үлгілі, іскер, діни ағартушы маман болуын мақсат етеді»

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары