Тарих тағылымы! Жүректен өшпейтін із! 31 мамыр - ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Солақай саясаттың сызын тартқан қаншама боздақ өмірімен қоштасты. Балалар жетім, әйелдер жесір қалды. Алаштың ардақтылары жазықсыз жапа шегіп, көршілес елге жер аударылды. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шет ауданы Жанқұтты би мешітінің бас имамы Маханбетчин Берик Алпысбайұлының ұйымдастыруымен қуғын сүргін құрбандарының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға аудан тұрғындары, ақсақалдары, мешіт жамағаты мен қуғын сүргіндердің ұрпақтары қатысты. Құран оқылып, дұға жасалды.
ihsan.kz
Пікірлер