Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫДА САЯСИ ҚУҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ЕСКЕ АЛЫНДЫ
31 мамыр, 2021 жыл 220 Басып шығару нұсқасы

Елімізде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 1997 жылдың 31 мамырынан бастап, құрбандарды еске алу күнін атап өтуде.

Дәл бүгін, 31-мамыр күні Қарағанды облысындағы Спасск мемориалдық кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынып, гүл шоқтары қойылды.
Іс-шараға Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлы, Абай ауданының әкімі Б.К.Асанов мырза, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және зиялы қауым өкілдері мен конфессия мүшелері, проваславтық, католиктік және еврей дін өкілдері қатысты.

Айта кетейік аталмыш жерде кезіндегі қатал саясаттың салдарынан құрбан болған 5000 мыңға жуық  50 түрлі ұлттан құралған қуғын-сүргін құрбандары жерленген. Олардың әрқайсысы Елдің қамы үшін өлімге бас тікті. Қазақ елінің еркін, тәуелсіз болғанын қалады. Тілге дінге бостандық беруін көздеді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары