Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҮШТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕГІ МЕДРЕСЕ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН (ФОТО)
25 мамыр, 2021 жыл 374 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе елдімекенінде салынып жатқан медресенің құрылыс жұмысымен танысты.

Қазіргі уақытта мұнда 3 қабатты жаңа кешеннің құрылысы қарқынды жүруде. Жауапты имам Жандос Нығманның сөзінше, нысан биыл пайдалануға берілуі тиіс. Мұнда шәкірттер үшін жатақхана, оқу залы, спорт зал, асхана болады. Негізінен 100 балаға лайықталған жаңа кешен соңғы стандарттарға сай салынады.

Жаңа оқу орталығының құрылысымен толық танысқан соң Бас мүфти: «Діни басқарманың тағы бір міндеті – үздік оқыған балаларға тегін білім беруді жалғастыру, олардың діни білім алуына, өзге де пәндерді қатар оқуына жағдай жасау», – деді. ҚМДБ Төрағасы қазіргі таңда мүфтияттың еліміз бойынша 20-дан астам шәкірттің оқу ақысын төлеп, оларға қамқорлық жасап келе жатқанын жеткізді.

  •  
muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары