Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАС МҮФТИ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
25 мамыр, 2021 жыл 251 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына екі күндік ресми сапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүгін аймақ басшысы Жеңіс Қасымбекпен кездесті.

Кездесуде ең алдымен облыстағы діни ахуал сөз болды.

«Жеңіс Махмұдұлы, шынайы ниетіңізге рахмет. Өзіңіз келгелі Қарағанды өңірі жалпы Сарыарқа жерінде көптеген шаруалар жасалды. Мемлекеттік қызметтің биігінде жүріп алған тәжірибеңіз облысқа ауадай қажет екені рас. Қарағанды қаласының өзінде көше, аудан атауларын қазақиландыру, мешіт ашуға жәрдемдесу жағына мән беруіңіз бізге үлкен көмек. ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына байланысты рухани жаңғыру тұрғысында ұлы тұлғалар Әлихан Бөкейханов, Қазыбек би, Жақып Ақпай, Қажыбай қажы есімдері бірқатар мешіттерге берілді. Алдағы уақытта құрылысы жүріп жатқан қала мешітіне Бұқар жырау есімін беру жоспарлануда. Бұл жақсы үрдіс» дей келе ҚМДБ Төрағасы бірнеше ұсынысын жеткізді. Оның ішінде өңірде Ас беру, Зират пен зиярат мәдениетін қалыптастыру бағытында бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Өз кезегінде облыс әкімі Жеңіс Махмұдұлы діни басқарманың жұмысына табыс тілеп, жергілікті облыс, аудан, ауыл имамдарынына қолдау көрсету жағын жалғастыра беретінін жеткізді. Сондай-ақ аймақ басшысы Діни басқарманың игі бастамасын қуана қабылдап, зиратқа қатысты сәулет стандарттарын сақтау қажеттігіне баса назар аударды. Мешіттер салуға қатысты шешімін таппай жатқан мәселелерде қолдау көрсетінін айтып, «Ас беру мәдениеті» құжатының, әсіресе індет кезінде ұтымды дайындалғанын тілге тиек етті. 

Кездесу соңында Бас мүфти жақында ғана «Muftiyat» баспасынан шыққан «Тәпсірлердің таңдаулысы» кітабын сыйға тартты.

Айта кетейік, бүгінгі кездесуге облыс бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров қатысты.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары