Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Рамазан берекесі» Қарқаралы ауданында жалғасты
11 мамыр, 2021 жыл 272 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айында шаһарымызда  жомарт жандардың ат салысуымен көптеген қайырымылық шаралары жүзеге асып, мұң-мұқтаждардың жанына демеу, көңілдеріне қуаныш сыйлайтын шарапатты шаралар ұйымдастырылып келеді. Осындай игі істің бірі Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан берекесі» тақырыбында  жүзеге асты.  «Қайырымдылық жасасаң-қайырын өзің көресің»,-демекші, шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж 54 отбасына азық-түлік үлестірілді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді», - деп айтқан. Осы жасалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары