Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Құран Хатым оқылуы аяқталды
05 мамыр, 2021 жыл 651 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айындағы қайырымы мол істердің бірі Алла үйінде Құран Хатым оқу және тыңдау. Жылдағы дәстүр бойынша мешітімізде Құран Хатым оқу үрдісі аяқталды. Оқырмандарға Құранды Хатым ету мағынасын түсіндіре өтсек, «Хатым» сөзі - сөздікті аяқтау яғни Құран кәрімді бастан- аяқ оқып шығу мағынасында. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде Әбу Нуаймға өсиет еткен «Құранды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады»
Рамазан айының бірінші күнінен басталған Құран Хатымның оқылуы жиырма үш күн бойы жалғасты. Күніне бір сағаттан аса оқыған Құран Хатымның оқылымына мешітке келіп жүрген ақ жаулықты аналарымыз үзбей тыңдады.

Алла Тағала Рамазан айын Құранның түсірілуіне лайық ай ретінде таңдап, осы айды Құран арқылы ерекшеледі. 

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас, - деп Абай атамыз айтқандай Алла Тағала баршамызды құранды оқушылардан, Құранға амал етушілерден қыла көр!

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары