Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Құнанбай қажы» мешіті мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірді
03 мамыр, 2021 жыл 285 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қарқаралы ауданы «Құнанбай қажы»  мешітінің ұйымдастыруымен, жергілікті көмекке мұқтаж, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік салынған сөмкелер таратылды.
Хадисте: «Кімде кім оразашыға қамқорлық етіп, ауыз аштырса, сол оразашы алғандай сауапты бұл да алады. Оның сауабынан еш нәрсе де кемімейді»,- делінген.
«Қайырымдылық  жасасаң, қайырын өзің көресің»,- демекші «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов және мешіт ұжымы осындай берекелі істі жүзеге асыруға ат салысқан мешіт жамағатына алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары