Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Саран қалалық мешіті студенттерге «Ауызашар қоржынын» таратты.
28 сәуір, 2021 жыл 479 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының әр күнінде ұйымдастырылып жатқан «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық акциясы Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде жалғасты. Берекелі шара барысында  «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық» колледжінің студенттеріне «Рамазан қоржыны» таратылды. Игі істің басы қасында жүрген мешіт имамы Мұхамедқали Саликов  студенттерге өзінің ыстық лебізі мен құттықтауын жеткізді.  Ас беру өте үлкен жақсылық болып табылады. Әсіресе аузы берік адамға ас берудің сауабы үлкен. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» деген. Алла Тағала қасиетті айда жасаған әрбір ісіміздің сауабын еселеп жазғай. Әмин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары