Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әл-Машани» мешіті ауыз бекіткен 250 студетке ауызашар қоржынын таратты
27 сәуір, 2021 жыл 297 Басып шығару нұсқасы

Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген.  Шаһарымыздың барлық мешіттерінде жүзеге асып жатқан «Ауызашар қоржыны» «Әл Машани» мешітінде де арасы үзілмей өткізіліп келеді. Бұл жолы ауыз бекіткен 250 студенттеріне берекелі Рамазанның «дорбасы» үлестірілді. Игі шараға «Әл Машани»  мешіттің имамы Жанболат Қошкелдіұлы арнайы қатысып, болашақ мамандарға Өзінің ізгі тілегін білдіріп, Рамазан айымен құттықтады. Кезекті бір хадисінде  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген.

Алла Тағала баршамызға сауапты істен құр қалмауды  нәсіп етсін! Әмин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары