Кезекті жиын Абай ауданына қарасты Топар кентінде өтті

ҚМДБ-ның Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Абай ауданында  «Ихсан ілімі» насихатталды. Ауданға арнайы қызметтік іс-сапармен ат басын бұрған  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің  наиб имамы Қоныскерей Құмар Абай ауданына қарасты Топар кенті мешітінде кезекті жиын өткізді. Жиын барысында бірнеше мәселе талқыға салынып, қасиетті Рамазан айына арналған жобалар пысықталды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін