Балқаш қаласының орталық кітапханасында зиялы қауым өкілдері яғни, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту орталығының басшысы, қаланың құрметті азаматтары, ақын жазушылар, қалалық әйелдер қауымының төрайымы, жергілікті газет редакторлары мен мешіт имамдары қатысқан келелі кездесу болып өтті. Кездесуде кітапхананың бір бұрышынан ашылған «Парасат жолы» атты орталықтың алдағы жұмысымен таныстыра отырып, жастардың болашағы егжей-тегжейлі талқыланды. Әсіресе , қазіргі қоғамның айықпас дерті болып тұрған жемқорлық мәселесіде сөз болды. Кімді болмасын, алаңдататын осындай жаман әдеттерден ,өрескел қылықтардан ұрпақты аман алып қалудың жолдары сөз болып, ата-бабамыздың дана сөздері ,асыл қасиеттерін дәріптеу керектігі айтылды. Орайы келгенде сөз алған Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Амантай Естай биылғы жыл Бас мүфтиіміз Наурызбайқажы Тағанұлының негізгі жеті бағытқа басымдылық берілгенін, соның ішінде «Ихсан ілімі» дін мен дәстүр сабақтастығын ұштастыра отыра, бабаларымыздың айтып кеткен асыл құндылықтарын насихаттау жолында бірлесе жұмыс жасасақ нұр үстіне нұр болар еді деген ізгі тілегін айтып өтті. Жаңадан ашылған «Парасат жолы» орталығы бұдан былай осы бір игі істе бастамашыл болып, бабалар аманатын насихаттау жолында аянбай еңбек ететінін және бұл істе бірлесе жұмыс істейтінін жеткізді. Ол үшін баланы жастан демекші, тәрбиені иманнан, бабаларымыздың асыл құндылықтарын насихаттау арқылы елдігімізді, ұлан байтақ жерімізді, ұрпағымызды аман алып қаламыз ,болашағымыз сонда ғана жарқын болады деп ой түйді. Зиялы қауым өкілдері де осы істе бірлесе жұмыс істеп, болашақ жастарды отансүйгіштікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу жолында бірге болатындықтарын айтып, «Парасат жолы» орталығының жұмысына сәттілік тіледі.