Теміртау қаласы мешіттеріне бақылау - басқару жұмыстары жүргізілді

Теміртау қаласы мешіттеріне бақылау- басқару жұмыстары жүргізілді 
Дін халқымыздың басты құндылығы және ел дәулетінің алтын діңгегі.  Бүгінде облысымыздың әр түкпіріндегі мешіттер  асыл дініміздің өркендеп, ел іргесінде кеңінен құлаш жайып өркендеуі үшін өзіндің үлесін қосу үстінде. Осы ел игілігі үшын қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында, ҚМДБ-ның Қарағанды облысының наиб имамдары Хумар Қоныскерей және Асылхан Нұртайұлы облысымызға қарасты Теміртау орталық мешіті және Теміртау қалалық мешітіне арнайы барып, бақылау-басқару жұмыстарын жүргізді. Бақылау жұмысы барысында аймақтың имамы Естай Айтуғанұлы алдымен Теміртау орталық мешітінің ішкі – сыртқары жұмысынан хабар беріп, мешіттің қазіргі тынысымен таныстырды.  Кіріс – шығыс құжаттары мен өкілдік тарапынан орындалып жатқан тапсырмаларга тексеріс жұмыстары жүргізілді. Тиянақты орындалған барлық құжаттардың орындалу реті көрсетілді. 
 Сондай ақ, мешіттің асханасында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына шолу жасап, заманға сай үлгіде күрделі жөндеуден өтіп жатқан мешіттің қазіргі қызметін көрсетті. Дәл осындай бақылау жұмысы Теміртау қалалық мешітінде жүзеге асты. Мешіт қазіргі күрделі жөндеуден өту үстінде. Ғимарат жаңа заман талаптарына сай құрылғылармен жабдықталып, жөндеу жұмысы қарқынды дамуда. 
Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, аттан түспей, облысымыздағы ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген Теміртау қаласының дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына  арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген  облыс наиб имамдары оң оң бағаларын беріп, алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік  тілеп қайтты.
Жаратқан Ие дінміз бен діліміздің тұғырын қашан да биік еткей! Әумин!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша басасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін