«Әйел қыздар» секторының қарағанды облысы бойынша өкілі Жезқазған өңіріне ат басын бұрды

Бүгін ҚМДБ «Әйел қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі, әрі Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы қызметтік іс-сапармен Жезқазған және Сәтбаев қаласына ат басын бұрды. Сапар барысында сектордың облыс бойынша жауаптысы Арай Серғалиқызы аталмыш аймақтың мешіттерінің ұстаздарымен кездесіп, арнайы жиын өткізді. Жиын барысында «Әйел-қыздар» секторының Жезқазған өңірі бойынша жауаты маманы ретінде Рахима Талипбекова тағайындалып, бөлімнің мақсаты мен қыр-сырларымен таныстырылды. Сондай-ақ, өңір ұстаздары бас қосқан жиында жат ағым және ҚМДБ-ның арнайы бекіткен жеті бағыты талқыланды. Жаңа жылға тың жобалар мен жоспарлар бекітіліп, мақсаттар алға қойылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін