Қарқаралы ауданында діни ахуал тұрақты (фото)

ҚМДБ-ның отыз жылдық мерей-тойы қарсаңында, «отыз игі іс-шара» аясында Қарқаралы ауданында бірнеше шара жүзеге асып келеді. Аталмыш игі бастамалармен танысып, шараларды пысықтау мақсатында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапырмасымен Қарқаралы ауданының имамы Құбылайханов Митератбек Орынбекұлы екі елдімекеннің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.         

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) медресе салу ісін – адам өмірден өтіп кетсе де сауабы үзілмей барып тұратын амалға жатқызған. Осындай сауапты амал Қарқаралы ауданына қарасты Қарағайлы елдімекенінде жүзеге асып жатыр. Аудан имамы игі құрылыстың бағыт-бағдарын бақылаумен қатар  аймақтың әкімімен жүздесіп, ақсақалдарымен кездесті. Сондай-ақ, Еңбек ауылында жүргізіліп жатқан мешіт құрылысымен танысты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Аудан имамы осы игі іске демеуші болған жомарт жандармен кездесіп, құрылыс құжаттарымен танысып қайтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін