БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ: САУАПТЫ ІС – МҰСЫЛМАН ПАРЫЗЫ

Күллі мадақ әлемдерді жаратқан Жаратушы Алла Тағалаға болсын! Адамзат баласына екі дүние бақытын көрсеткен ардақты елші Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) сансыз салауаттар болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында Бұқар жырау ауданында берекелі іс-шара жүзеге асты. Игі бастама Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожаның қайырымдылық бағыты бойынша, облыстық «Зекет» қорының және  «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Акошев Рустем Муратұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Науқас жанды зиярат етіп, оған демеу көрсету ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.с) қалған сүннет. Осы орайда, Бұқар жырау ауданындағы №1- ауруханада ем алып, өмір сүру үшін күресіп жатқан науқас жандарға қолдау көрсеу мақсатында, аталмыш ауруханаға 3 ИВЛ аппараты және 6 арнайы демалтқыш құралы  көмек ретінде жеткізілді.

 Пайғамбарымыз (с.а.с) садақа жайында: «Мұсылманның садақасы ғұмырын ұзартады. Оны мезгілсіз өлімнен сақтайды. Күпірлік пен мақтаншақтықтан аластатады»,- деген.

Бұқар жырау ауданында өткен қайырымдылық шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей және Қарағанды облысының «Зекет» қорының өкілі Джаримбетов Мұхит қатысып, берекелі істің жүзеге асуына ат салысты.

Діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай облысымызда атқарылар 30 игі іс-шара осымен тоқталмақ емес.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін