Дін халқымыздың басты құндылығы және ел дәулетінің алтын діңгегі. Бүгінде облысымыздың әр түкпіріндегі мешіттер асыл дініміздің өркендеп, ел іргесінде кеңінен құлаш жайып өркендеуі үшін өзіндің үлесін қосу үстінде. Осы ел игілігі үшын қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында, ҚМДБ-ның Қарағанды облысының наиб имамы Хумар Қоныскерей облысымызға қарасты бірнеше мешітке ат басын бұрды. Атап айтқанда Қарағанды қалалық «Әл машани» мешіті, Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті, Теміртау орталық мешіті, Теміртау қалалық мешіті, Абай ауданының мешіті, Саран қаласының мешіті және Шахтинск қаласының мешіттеріне арнайы барып, бақылау-басқару жұмыстарын жүргізді. Аталған мешіттерді толықтай аралып, дін қызметкерлерінің жұмыс барысын пысықтап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар дәл осындай тексеру жұмыстары Қарқаралы ауданда орналасқан «Құнанбай қажы» мешітінде жасалды. Тарихи мешіттің қазіргі тынсымен танысып, мешіт қызметкерлерінің пікірлерін тыңдады.
Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, аттан түспей, облысымыздағы ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген облыс наиб имамы Хумар Қоныскерей мырза алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік тілеп қайтты.
Жаратқан Ие дінміз бен діліміздің тұғырын қашан да биік еткей! Әумин!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша басасөз қызметі