1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні құрметіне балаларға қуаныш сыйлау мақсатында облыстық "Әнет баба" мешітінің жанында балаларға арналған мерекелік шара өтті. Отызға жуық балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыратын ойын-сауықтар, көркем бейнелеу сайыстары өткізіліп, үлкендерден базарлық сыйлықтар берілді. "Ана-Мама" және "Қайсар" қоғамдық қорларының бірлескен қайырымдылық шарасы барысында балалар табиғатты аялап қорғау, айналаға қамқор болу, мейірімділік қасиеттерді қалыптастыру сынды тәрбиелік сабақтар алды.