Қаңтар айының он төртінші жұлдызында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Жастар ісі» бөлімі және "Әйелдер қыздар" секторының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында сурет сайысы өтті. Аталмыш сайыс екі бөлімнен тұрды. 5 – 8 және 9 – 11 жас аралығындағы жас жеткіншектер қатысқан өнер сайысында қатысушылар өздерінің сүйікті деп бағалайтын мешіт ғимаратын қағаз бетіне түсірді. Бірінші топ қатысушыларының арасынан оза шауып Акынбек Аяна 1 - орынды иеленсе, 2 - орынды Бекназарова Райхан қанжығасына байлады. Ал жүлделі 3 - орын Жолдыбай Казыбекке тиесілі болды. Дәл сол секілді 9-11 жас аралығындағы қатысушылар арасынан 1- орынды Әшім Фатима иеленсе, 2- Орын Мырзакадирова Партияға бұйырды. Ал, 3 - орынға Ташмурзаев Жасұрбек лайық деп танылды.