Өкіл имам Алматыда оқып жүрген студенттермен кездесті

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Алматы қаласындағы іс-сапарында қарағандылық студенттермен кездесті. Алматының діни оқу орындарында білім алып жатқан жас мамандардың келешектегі жоспарларымен танысты. Уақыт талабына сай  білімін ұштап, дінге қызмет етем деген болашақ  имамдармен  ресми түрде басталған кездесу соңы шағын отырысқа ұласты. Студенттердің алдағы жоспарларын тыңдап, өз ойымен бөліскен Өмірзақ қажы оқу орындарын тәмамдауға шақ қалған жас мамандарға қызмет сатысындағы алғашқы баспалдақты өз өңірлерінен бастауға кеңес берді. Діннің насихаттан тұратындығын жеткізген бас имам өңірдің студент-шәкірттеріне дәстүрлі дінді дәріптеп қайтты.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін