Қарағандыда Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

 ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде алда келе жатқан ұлық мейрам – Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті. 

Брифингке ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы, "Әнет баба" мешітінің ұстазы Данияр Ерікұлы және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы құрбан айт күндері 16-17-18 маусымға тұспа-тұс келгенін айтқан болатын. Бүгінгі брифингте бас имам Естай Айтуғанұлы  16- маусым Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде таңғы сағат 6:00-де айт намазы оқылатынын айтты. Сонымен қатар, арнайы құрбан шалуға қаладан 3 орын бекітілгенін жеткізді.  Өткен жылдардағы тәжірибеге сай құрбан шалу рәсімі көпшіліктің сұранысына орай, онлайн түрде «qurban2024.kz» сайты арқылы да жүзеге асатынын  жеткізді.

Сондай-ақ, бас имам құрбан айт мерекесіне орай мешіттерде өткізілетін іс-шаралар бағдарламасымен таныстырды.

Брифинг барысында құрбан айтқа қатысты сұрақтарға  жауап беріліп, қала тұрғындарын құрбандық шалынатын орындардағы тазалыққа аса мән беруге шақырды.

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін