Үштөбеде «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы ашылды

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау ауданы,  Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің жанынан «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы ашылды.  

Орталықтың ашылу салтанатына Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері мен  «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету бойынша  жауапты мамандар және аймақтың жергілікті тұрғындары қатысты. 

Жаназа және жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында ашылған салттық діни рәсімдер орындалатын ғимарат барлық талаптарға сай жабдықталған.

Шара барысында облыс бас имамы жиналған қауымға өзекті мәселе болып табылатын жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып,  мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғат шарттары бойынша қандай болу керектігіне тоқталып, егжей-тегжейлі баяндап түсіндірді.

Ендігіде, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде өтетін барлық діни рәсімдер мен  жөн-жоралғылар орталықтың талаптарына сай өткізілмек.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін