«Әнет баба» мешітінде құрбан айт намазы оқылды

   Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы аталып өтті. 

Таңғы сағат 06:00-де мешіт ауласында айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.

Ұлық мейрамда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, мейрамды берекелі, сауапты өткізуге шақырды. 
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін