Қарағандыда 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

   ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті және «Бірлік» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 100 отбасыға «Рамазан қоржыны»  үлестірілді.
Қасиетті айдың құрметіне орай өткізілген қайырымдылық шарасында  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы мен «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы әлеуметтік көмекке мұқтаж  100 отбасыға азық-түлік салынған қоржындарды үлестіріп, берекелі Рамазанмен құттықтады.
Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асқан шара Қарағанды облысына қарасты барлық мешіттерде жалғасын таппақ.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін