Қайырымдылық шарасы «Әлихан Бөкейхан» мешітінде жалғасты

  Ел тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шарасы ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласындағы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінде жалғасты.

Мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлының ұйымдастыруымен өткен шара «Ислам жастары» еріктілер тобының ат салысуымен жүзеге асты. Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж елу отбасыға азық-түлік толы қоржын теңдей үлестіріліп, тиісті мекен-жайларға жеткізілді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін