Облыс бас имамы Қарқаралы өңірінің имамдарымен кездесті

   Өкілдікке қарасты күллі өңірлерге сапар шегіп, құлшылық үйлері мен жергілікті дін қызметкерлерінің қал-ахуалынан хабар алып жүрген Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бұл жолы киелі Қарқаралыға ат басын тіреді. Сол жердегі имам, ұстаздардың басын қосып, өзара сұхбат құрды.  
 
Аталмыш жиынға облыстық «Әнет баба» орталық мешітінің қызметкерлері мен Қарқаралы ауданының имамы Митератбек Құбылайханов және өңірге қарасты дін қызметкерлері қатысты. 
 
Облыс имамы кездесу барысында қызмет етіп келе жатқан имамдармен жақынырақ танысып, ақсақалдардың қал-жағдайын сұрады. Облыс басшысы ретінде тиісті қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізіп, асыл дініміздің жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды. 
 
Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен жеті бағыты негізінде іс жүргізу қажет екенін қаперге салып, ел мұсылмандарының қара шаңырағы болып саналатын мүфтият тарапынан берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауды ескертті. 
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін