Облыс бас имамы «Бала қажы» мешітіне бақылау жұмыстарын жүргізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы қаладағы «Бала қажы» мешітіне арнайы ат басын бұрып, бақылау-басқару бағыты бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мешіт қызметкерлерінің қатысуымен басталған жиында облыс бас имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан құлшылық үйлеріне қойылатын негізгі талаптар мен ережелерді таныстырып, тағы бір қаперге салды.

Сондай-ақ, мешіт ғимаратын жан-жақты аралау барысында тазалық талаптарын барынша сақтауға шақырып, құлшылық үйіндегі «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының қызметін сапалы үлгіде жақсарта түсуді тапсырды.

Осыған сәйкес «Бала қажы» мешітінің бас имамы Махмұт қажы Нұрұлына айтарлықтай тапсырмалар берді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін