САЛАУАТ АЙТҚАН ЖАМАҒАТ СЫЙҒА КЕНЕЛДІ

Балқаш қалалық мешітінде қасиетті мәуліт айының құрметіне орай Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең көп салауат айтқан мешіт жамағатына тосыннан сый жасалды.  

Қаржылай сертификатты аймақ мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат жұмаға жиналған жамағат алдында табыстады. Тосыннан сыйға ие болған  Серік есімді азамат  өзіне  берілген  ақшалай сыйлықты әлеуметтік көмекке мұқтаж  отбасыға арнап, жомарттық танытты.  Алла елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең көп салауат айтумен шектелмей, жомарттық танытқан азаматқа мешіт имамы алғысын білдіріп, батасын берді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін