«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ БАС ҚОСТЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызының ұйымдастыруымен  қасиетті мәуліт айының құрметіне орай әйел-қыздар жамағатына арналған рухани кездесу болып өтті.

Дөңгелек үстелде бас қосқан нәзік жандылар Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихы жайында уағыз-насихат  тыңдап, Алла елшісінің бойындағы игі қасиеттері жайлы ақпаратпен сусындады. Сондай-ақ, көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарға жауап алды.  

ҚМДБ-ның Қарағанды  облысы бойынша  баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін