ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен «Қарағанды-Қостанай» қайырымдылық керуені жолға шықты.
Табиғи апар орын алған сәттен бастап ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі қайырымдылық асарын ұйымдастырып, апат болған аймақтың тұрғындарына қажетті киім-кешек пен керек-жарақтар жинауды ұйымдастырды. Сондай-ақ, қаржылай қолдау көрету мақсатында арнайы есеп шот бекітіліп, жамағаттың қолдауымен ақшалай көмек қоры жиналды. Бүгінгі күнге дейін жиналған қаражаттың жалпы көлемі 1 458 000 теңгені құрады. Осы жиналған қаражат пен қажетті заттар Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті ауласында көлікке артылып, Қостанай облысына «Қайырымдылық керуені» жолға шықты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі