ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті журналистер қауымы! Сіздерді кәсіби төл  мерекелеріңіз – бұқаралық ақпараттар құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймы

Ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге Жаратқан Жаббар иеміз Жар болғай! Әрқашанда жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамның алғы шебінде қадірлеріңіз арта берсін!

 Мешіттерімізде өткен рухани шаралар мен игі бастамаларымызға қолдау көрсетіп, ізгіліктің жаршысы болып жүрген журналистер қауымына өзімнің және Қарағанды облысы өкілдігінің атынан айрықша алғысымды білдіремін. Дендеріңізге  саулық, отбасыларыңызға амандық, ұжымдарыңызға  береке-бірлік  тілеймін! Әмин!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін