ҚарУ студеттермен кездесу өтті

Қазтұтынуодағы ҚарУ университетінде жат ағымның алдын- алуға бағытталған кезекті кездесу болып өтті. Рухани кездесуге ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы қатысты.
Шара барысында студенттерге қазіргі қоғамның негізгі дерті болып отырған жат ағымға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның алдын алу мақсатына бағытталған баяндама оқылды. Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айының қадір қасиеті жайды насихат айтылды. Студенттердің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін