ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен дін қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.
Теміртау қаласында өткен іс-шараға ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және өңірімізге қарасты қала, аудан имамдары қатысты.
Алғы сөзді алған Өмірзақ қажы Қазкенұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен имамдардың кәсіби біліктілігін дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын тілге тиек етіп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде РАНТ мүшесі, елімізге танымал ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлы имамдарға «Усулул фиқһ» кітабынан дәріс оқып, үкім шығарудың дереккөздері болып табылатын Құран, сүннет, ижмағ және қияс ұғымдарын кеңінен ашып, түсіндіріп өтті.
Іс-шара соңында жергілікті имамдар семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді