Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы орталық мешітінің имамы Мукаев Аманбол Рымқұлұлы аудан имамдарына жиналыс өткізді. Жиын барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігінен келген тапсырмаларды таныстырды. Сонымен қатар, «Ихсан рухани тәрбие негізі» және «Усулул фиқһ», «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптары үлестірді. Сондай-ақ, дін қызметкерлерінің этикасы талқыланды.