САРАНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Абай Құнанбаев» атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Шараға Қарағанды облысы «Әнет баба» мешітінің наиб имамы  Хумар Қоныскерей және ұстаз   Сұлтан Аманболұлы қатысты. Келелі кездесу барысында жастарға арналған өзекті мәселелер мен тақырыптар қозғалып, уағыз-насихат айтылды. Әсіресе, қазіргі жастардың тәрбиесіне сабақтас дүниелер қозғалды.  Шара соңында жастардың көкейінде жүрген түрлі сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу жүргізілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін