ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Бүгін, 20 шілде – Құрбан айттың бірінші күні. Елдегі пандемия жағдайына байланысты Қарағанды қаласында айт намазы оқылмады.

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы құрбандық шалуға арналған қасапханада  алғашқы құрбандық малының батасын жасап,  ел мен жердің тыныштығы үшін дұға жасады. Барша Қарағанды жұртшылығын Ұлық мейраммен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, індеттен қайтыс болғандардың соңынан дұға жасап, Жаратушыдан ауырып жатқандардың тезірек сауығып кетуін және осы қиындықты аман-есен өткеруімізді тіледі.

Еске сала кетейік, пандемия жағдайына байланысты құрбандық шалу онлайн форматта qurban2021.kz сайты арқылы жүзеге асу үстінде. Әрине, Құрбан айт тек намаз оқып, құрбан шалумен шектелетін мереке емес. Алланы ұлықтаумен бірге ізгілік, қайырымдылық, жақын адамдардың жарасымы мен туған-туыстың татулығы, мұқтажға көмек, міскінге қолдау, осының барлығы бір мерекенің бойына сыйып тұрғандай.

Алла Тағала сіз бен бізден қабыл етсін! Құрбан айт құтты болсын, Қазақ елі!

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін