«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІ «ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бұдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы "Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деп баға берген еді.  Облысымыздағы ел тынысынан хабар беріп жүрген үлкен басылым беттерінің бірі «Орталық Қазақстан» газеті.

Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің  мерекесі  қарсаңында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің дін қызметкерлері «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымын  мерекемен арнайы құттықтап,  ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының алғыс хатын табыстады.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін