ШЕТ АУДАНЫ ҚУҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Тарих тағылымы! Жүректен өшпейтін із! 31 мамыр - ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Солақай саясаттың сызын тартқан қаншама боздақ өмірімен қоштасты. Балалар жетім, әйелдер жесір қалды. Алаштың ардақтылары  жазықсыз жапа шегіп, көршілес елге жер аударылды. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  Шет ауданы Жанқұтты би мешітінің бас имамы Маханбетчин  Берик Алпысбайұлының ұйымдастыруымен қуғын сүргін құрбандарының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға аудан тұрғындары, ақсақалдары, мешіт жамағаты мен қуғын сүргіндердің ұрпақтары қатысты. Құран оқылып, дұға жасалды.

 

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін